Анонс

24-25 қарашада Түркістан қаласында TIF’23 «Түркістан: туризм, инвестиция, экономика» халықаралық форумы өтеді.

NEWS

9/4/20231 min read

24-25 қарашада Түркістан қаласында TIF’23 «Түркістан: туризм, инвестиция, экономика» халықаралық форумы өтеді.

Форумға әлемдік және отандық бизнес лидерлер, беделді саясаткерлер, дипломаттар, министрлер, инвестициялық компаниялар, қаржы және халықаралық институттар, екінші деңгейдегі банктер, қауымдастықтар, даму қорларының басшылары, салалық сарапшылар қатысады.

TIF’23 спикерлері қатарында Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы одағының төрағасы Мұстафа Рифат Хисарджикли оглу, Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы Зураб Пололикашвили (видео үндеу), Еуразиядағы BBC Global News басшысы Сергей Становкин, ЕҚДБ директоры, Қазақстан бойынша басшысы Хусейн Өзхан, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, шет елдердің сауда-өнеркәсіп палаталарының бірінші басшылары бар.

Форум аясындағы шаралар беделді саясаткерлер, әлемдік және отандық бизнес-лидерлері, инвестициялық компаниялар, қаржы және халықаралық институттар басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс, салалық сарапшылардың кейстерімен сессиялар, B2B, B2G форматындағы пікірталастар, инвестициялық жобалар жәрмеңкесі, «Өөңірдің негізгі салаларын цифрландыру» көрмесі, «Turkic Business and Investment Summit» түркі сауда-саттық өнеркәсіп палатасы одағы басшыларының кезектен тыс жиналысы, өңірдің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілері бойынша инвестициялық турын қамтиды.

Маңызды іс-шаралардың бірі – Түркістан облысының туристік әлеуетін дамыту мәселелері жөніндегі стратегиялық сессия болады.

Сессиялар ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, халықаралық логистика, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және адами капиталды дамыту тақырыптарына да арналады.

Бұл іс-шаралар өңірдің негізгі салаларына инвестициялар тартудың өзекті мәселелеріне, экономикадағы шағын және орта бизнестің рөлін нығайтуға, адами капиталдың әлеуетін арттыруға арналады. Форум халықаралық бизнеспен нетфоркинг алаңы болады, халықаралық және өңірлік инвесторлармен ынтымақтастық және әріптестік байланыс орнатуға бағытталған.

TIF’23 ұйымдастырушылары – Түркістан облысының әкімдігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Түркі сауда-өнеркәсіп палатасы (TCCI).

Форум туралы толық ақпарат, бағдарлама turkistanforum.org сайтында жарияланады.

«Атамекен» ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті
8707 757 5002